Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан мұсылмандар басқармасы имам Дооловтың сөздерінен балағат таппады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның діни мұсылмандар басқармасы Бішкек қаласы Свердлов ауданының имам-хатибы Садыбакас Дооловқа қатысты тексеру жұмысын аяқталғанын мәлімдеді.

Онда мүфтият Дооловтың шариғатты бұзбаған, саясатқа араласпаған және біреудің қадыр-қасиетіне нұқсан келетін сөз айтпады деген.

Бірер күн бұрын имамның әйелдерге қатысты айтқан сөздері қоғам наразылығын туғызған.

«Ет қай кезде қымбаттайды, білесіңдер ме? Сіздер тұрған ауылда, әйелдердің тәні арзандаған кезде. Әйелдер қысқа көйлек киіп, денесін көрсеткен кезде, әйелдердің тәні арзандайды. Оларға «Ұялмайсың ба? Тәніңді жауып жүрмейсің бе? Кімнің қызысың? Әйелдердің еті арзандағандықтан, базарда мал қымбаттады» деп айту керек, — деген Доолов.

Садыбакас Доолов Азаттык радиосына журналистер өзінің сөзін үзіп алып, мазмұнын өзгертіп берді дейді.

Дооловы қоғам белсенділері сотқа берген.

«Дооловтың ютуб каналына 190 мың адам жазылған. Оның әрбір видеосын 10–50 мың адам көреді. Біз әйел құқығына қарсы қандай шабуыл жүріп жатқанын көріп жатырмыз. Бұл әйелдерге қарсы мақсатты түрде жүргізіліп жатқан идеология», — дейді қоғам белсендісі Ұмай Арыкова.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM