Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны бекіту мәселесін қайта қолға алды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі Ерлан Абдылдаев осы елдің Жер мәселесі және геодезия жөніндегі комитеттің төрағасы Ориф Ашури Хожазодамен Душанбеде кездескен.

Бұл жөнінде Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Тараптар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік делегацияларының топографиялық жұмыс топтарының жұмысын талқылаған.

Онда Абдылдаев Қырғызстан 21 шілдеде Шолпан ата қаласында екі елдің мемлекет басшыларының шекара мәселесі бойынша келісімдері негізінде жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.

Екі ел арасында былтырғы оқиғадан бері 82 шақырым жер тілімі келісілген екен.

2021 жылдың сәуір айында қырғыз-тәжік шекарасында қанды оқиға орын алып, Қырғызстаннан 36 азаматы қайтыс болып, 154-і жарақат алса, Тәжікстаннан 19 адам көз жұмып, 87-сі зардап шеккен.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында жалпы 972 шақырым жер бар. Оның 664 шақырымы бойынша екі ел өзара шешімге келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM