Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары кездеседі

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері кездесіп, қырғыз-тәжік шекарасында тіркелген оқиғаны талқылайды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, кездесу ұйымдастыруға 23 қаңтарда шекарада болған оқиға себеп болған. Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Лейлек ауданына қарасты Сай ауылының маңында бір топ адам қырғыз-тәжік шекарасындағы даулы бір жерге мал өтпеу үшін қоршау жасай бастаған.

«Осындай қоршау тұрғызу мәселесін 21 қаңтарда Қырғызстан мен Тәжікстан шекара бекеттерінің басшылары шешкен. Бірақ көрші республиканың шекарашылары келіп, қоршау тұрғызуды тоқтатуды талап еткен», — деп хабарлады қырғыз шекара қызметі.

«Жанжал болмас үшін Қырғызстан азаматтары қоршау тұрғызуды уақытша тоқтатты». Қырғыз шекарашылары даулы жердегі жағдайды тұрақты деп сипаттады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара 970 шақырымға созылып жатыр. Соның 519 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған. Шекарадағы даулы жерлерде үнемі қақтығыс болып тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM