Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан ОСК сайлау дұрыс өтпегеніне кінәлілерді жазалауды ұсынды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы №26 Ленин аудандық сайлау округы бойынша 28 мамырдағы сайлау нәтижесін заңсыз деп таныды.

Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұның алдында комиссия сайлауда көп дауыс жинаған үміткерлер Ұлан Сариев пен Дамира Ниязәлиеваны тіркеуден бас тартқан.

ОСК мәліметінше, Ниязәлиева сотқа жүгінген. 9 маусымда Бішкек әкімшілік соты ОСК шешімін заңды деп танып, 16 маусымда Жоғарғы сот шешімді өзгертпеді. Содан кейін комиссия сайлау нәтижесін заңсыз деп таныды.

Енді ОСК бір айдың ішінде қайта сайлау тағайындап, саяси науқанды екі айдың ішінде өткізуі керек. Сайлауды заңсыз деп тануға себеп болған үміткерлер оған қатыстырылмайды. Бұған қоса, сайлау нәтижесіне кері әсер еткендерге материалдық жауапкершілік жүктейтін заң жобасын дайындауды көздеп отыр.

Мәліметтерге қарағанда, құқық қорғау органдары екі үміткердің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Ниязәлиева ісі Бішкек милициясында, Сариев ісі ҰҚМК-де жатыр.

Ленин аудандық сайлау округы бойынша кезектен тыс парламент сайлауы 28 мамырда өткен. Алдын ала мәліметте Дамира Ниязәлиева (35,83%) мен Ұлан Сариев (11,88%) алда келе жатқаны хабарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM