Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан парламенті 27 маусымда шетел агенттері туралы даулы заң жобасын талқылайды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан парламентінің жемқорлық пен қылмыспен күрес, құқықтық тәртіп жөніндегі комитеті 27 маусымда «Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңға өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

Парламент сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, комитет отырысында заң жобасының авторы, депутат Надира Нарматова баяндама жасайды.

Заң жобасы Жогорку Кеңеште 19 мамырда тіркелген. Құжат заңнамаларға «шетелдік коммерциялық емес ұйым» түсінігін енгізуді, мемлекет құзыретін кеңейтуді қарастырады.

Халықаралық ұйымдардың бірқатары, елшіліктер, БАҚ, бизнес қауымдастық және азаматтық қоғам заң жобасы Қырғызстандағы коммерциялық емес ұйымдар қызметін шектейтінін айтып, құжатты кері қайтаруға үндеген. Апта басында Қырғызстандағы қоғамдық ұйымдар мен азаматтық белсенділер үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын қабылдамауды талап ететін петицияға қол жинай бастаған.

Үкіметтік емес ұйымдарды бақылауды күшейтуді көздейтін шетел агенттері туралы заң жобасын Надира Нарматова жазып, былтыр қарашада қоғам талқылауына шығарған. Құжатты әзірлеу барысында бастамашыл топқа тағы 32 депутат қосылған, бірақ олардың бірқатары авторлықтан бас тартып, құжатта адам құқықтарына қарсы шектен тыс шектеулер мен ережелер бар екенін айтқан.

«Әділет» заң клиникасы заң мәтініне сараптама дайындап, оның Ресей қабылдаған «Шетел агенттері туралы» заңнан 98% көшіріп алынғанын анықтаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM