Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан президенті әкімшілігі: Тәжікстанмен саяси диалог жүріп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Жээнбек Кулубаев Тәжікстанмен шекара жөніндегі келіссөздердің барысы туралы айтты.

Кулубаев Азаттық радиосы қырғыз қызметінің «Эксперттер талдайт» бағдарламасына қатысты. Қырғыз-тәжік шекарасы жөніндегі келіссөздер туралы сөз қозғаған шенеунік екі елдің өкілдері айына екі мәрте кездесетінін, келіссөздер республикалар басшылары деңгейінде өтіп жатқанын айтты.

«Біз екі елдің де мүддесі ескерілгенін, бәрі жаңадан басталғанын қалаймыз. Тараптардың ешқайсы жеңілмеуі тиіс. Екі елдің сарапшылары талқылап, бір мәмілеге келсін, сосын келіссөздер үкіметаралық деңгейге көтеріледі. Губернаторлар да өз деңгейінде әрекет етіп жатыр, тұрғындар да тартылған. Атқарылуы тиіс жұмыс. Бішкек немесе Душанбеде отырып, оларда не болып жатқанын білмеуіміз мүмкін. Жергілікті тұрғындар бәрін көріп отыр. Биліктің мақсаты – халыққа тиімді жағдай жасау», – деді Жээнбек Кулубаев.

Қырғыз-тәжік шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.

Шекарадағы даулы аймақтарда екі елдің тұрғындары арасында үнемі жанжал болып тұрады. 2021 жылғы сәуірде шекарада болған ірі қақтығыста қырғыз жағынан 154 адам зардап шекті, 36 адам қайтыс болды. Тәжік билігі 19 адамның қайтыс болғанын, 87 адамның жараланғанын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM