Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарада ірі әскери жаттығу өткізуге дайындалып жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысына ондаған әскери техникасын шоғырландырып, ірі ауқымды әскери жаттығу өткізуге дайындалып жатыр.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің хабарлауынша, Тәжікстандағы Соғды облысының әкімшілігі шекараға жақын маңда әскери жаттығу өтетінінен бейхабар екенін мәлімдеген. Ал Тәжікстан қорғаныс министрлігі әскери жиыннан хабардар екенін айтты.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, «Қауіпсіздік 2021» деп аталатын әскери жаттығу Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында өтпек.

Қырғызстанның мемлекеттік мекемелеріне сілтеген жергілікті ақпарат агенттіктері жаттығу кезінде «әскери, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының соғыс және төтенше жағдайдағы жұмысы» тексерілетінін атап өтті.

Жаттығуға екі мыңдай адам адам; 100 автокөлік, броньді танк және арнайы техника; жиырмаға жуық артиллериялық жүйе; онға жуық авиация техникасы қатысады.

Тәжікстанның Соғды облысы мен Исфара қаласының әкімдіктері жиын туралы хабарлама алмағанын, ол туралы баспасөз құралдарынан ғана естігенін айтты. Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадалиев 13 наурыз күні Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында министрліктің Баткен облысында жаттығу жиыны өтетіні туралы хабарлама алғанын мәлімдеді. Бірақ ол хабарламаны қорғаныс министрлігімен қатар сыртқы істер министрлігіне де беру керек еді дейді. Оның сөзінше, жаттығу кезінде ауыр әскери техника, тіпті әскери авиация іске қосылмақ, сол себепті шекараға жақын елдімекендер жиын туралы алдын ала біліп отыруы керек.

Екі елдің шекаралас елдімекендері жиі дауласып, кейде қаруланған қақтығысқа ұласып жататындықтан, Қырғызстанның шекараға жақын маңда әскери жаттығу өткізуі БАҚ назарын аударып отыр.

16 наурыз күні Соғды облысы Гүлістан қаласында Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны бөлу және белгілеу жөнінде келіссөз өткізуі тиіс. Бұл Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасынан белгілі болды.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстанға ресми сапармен бармақ. Сапар сәуірге дейінгі апталардың бірінде өтеді. Жапаровтың Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуінде де шекара мәселесі талқыланбақ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM