Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын қайтарып алуға қол жинау басталды

KAZAKBOL.COM

Change.org порталында қырғызстандықтар «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын қайтарып алуға қол жинауды бастады.

Петицияда егер заң жобасы қабылданған жағдайда, қарапайым азаматтық белсенділіктің өзі қылмыстық жауапкершілік болып саналуы мүмкін екені, бұл тәуелсіз медиа мен сөз бостандығын жоюға алып келетіні айтылған.

«Мұның бәрі денсаулық сақтау мен білім беру саласына да, ауыз су мәселесі мен мемлекеттік қызмет көрсетуге де қатысты болады. Біз Қырғызстан азаматтары, «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын кері қайтаруды талап етеміз. Біз биліктен конституциялық міндеттер мен халықаралық талаптардың орындалуын, сөз бостандығының, үкіметтік емес ұйымдар мен Қырғызстандағы азаматтық қоғамның қорғалуын талап етеміз», — делінген петиция авторлары.

19 мамырда «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы мен Қылмыстық кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, қоғамдық талқыға шығарылған. Онда шетелден грант алатын ұйымдарды «шетелдік өкіл» деп атау жазылған. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдарға жауапкершілік күшейтілген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM