Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда ұсталған оппозициялық саясаткер абақтыдан үндеу жолдады

KAZAKBOL.COM

Қамауда жатқан саясаткер Бақтыбек Калмаматов өзінің атынан жарияланған жалған мәлімдемеге байланысты үндеу жариялады. Оның үндеуін адвокаты Мырза-Айым Камчыбекова таратты.

Саясаткер онда «билікпен келісімге келіп жатыр, Исмаил Исаковқа, Ахматбек Келдибековке, Өмүрбек Текебаевқа және Жылдызкан Жолдошеваға қарсы куә беріп жатыр» деген мәліметтердің толығымен жалған екенін жеткізген.

Ол сонымен бірге қазір өзінің абақтыда отырғанын, өзіне қарсы қаралау жүріп жатқанын айтқан.

Парламенттің бұрынғы депутаты Бактыбек Калмаматовты Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ұлтаралық, діни және аймақтар арасындағы араздықты қоздырды» деген бап бойынша 22 желтоқсанда қамауға алған. Бірінші май аудандық соты оны 9 ақпанға дейін абақтыда қалдырған.

Ол 22 желтоқсанда Сауд Арабиясына екі апталық умра қажылығына бара жатқан кезде, «Манас» әуежайынан ұсталған.

Билікті сынап келе жатқан Калмаматов биыл қаңтарда өткен президент сайлауына қатысқан.

28 қарашада өткен парламент сайлауында ол «Азаттық» партиясы атынан үміткерлер тізімінде болды. Бірақ партия бес пайыздық межеден өте алмады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM