Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда аса қауіпті күдікті милиционердің аяқ-қолын байлап, абақтыдан қашып кетті

KAZAKBOL.COM

5 маусымға қараған түні Қырғызстанда Ысық-Ата аудандық ішкі істер бөлімі тергеу изоляторында отырған күдікті Кушубек Сабыров қашып кетті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Милиция мәліметінше, Кушубек Сабыров милиция қызметкерінің қол-аяғын байлап, уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен.

«Күдікті мазасы жоқ екенін, жүрек тұсы ауыратынын айтып, кезекші милиционерден дәрі сұраған. Милиция сержанты камераны ашып, күдіктіні жеке бөлмеге шығарған, ал Садыров оны пышақпен қорқытып, аяқ-қолын байлап, содан кейін қашып кеткен» деп хабарлады ІІМ.

Мәліметке қарағанда, Шу облысында қашқынды ұстау операциясы жүріп жатыр. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметіне Сабыров шекарадан өтуге талпынған жағдайда оны ұстау жөнінде тапсырма берілген.

«Қамаудан қашу» қылмысына қатысты іс қозғалған. Күдікті 1994 жылы Балықшы қаласында туған. Ол адам ұрлады, қарақшылық жасады, кісі өлтірді, еркінен тыс қамауда ұстады деген айыптармен қолға түскен. Қылмыстық іс 30 мамырда сотқа жолданған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM