Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңес құрылды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан үкіметі елдегі азық-түлік нарығын тұрақты ұстап, халыққа аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кеңес құрды.

Азық-түлік кеңесін министрлер кеңсесінің басшысы Ақылбек Жапаров басқарады. Кеңес құрамына министрлер, бірқатар банк өкілдері, Қырғызстан-Ресей даму қоры, сонымен бірге Мемлекеттік материалдық резерв қоры мен сауда өкілдері кірді.

Ресми мәліметке қарағанда, кеңес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қорғауды, олар өндірген тауарлардың экспорты мен импортын бақылауды, сонымен бірге азық-түлік қауарларының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді.

Кеңес мүшелері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге республикалық және жергілікті бюджеттен қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар дайындайды. Қырғызстанның шалғайдағы, таулы аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Еске салайық, бұның алдында билік әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шұғыл шешуді көздейтін Дағдарысқа қарсы комитет құрып, ауыл шаруашылығының бірқатар өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салған.

Қырғыз билігінің мәліметінше, елде 5 жарым айға жететін азық-түлік қоры бар.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM