Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Трамп: Путиннің улау мен өлтіруге қатысы болуы «мүмкін»

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путиннің адам өлтіру мен улауға қатысы болуы «мүмкін» деп мәлімдеді. Ол бұл жөнінде CBS телеканалына берген сұқбатында айтты.

Тілшінің «Путиннің адам өлтіру мен улауға қатысы болуы мүмкін бе?» деген сұрағына АҚШ президенті «Ия, мүмкін» деп жауап берген. Трамп сонымен бірге Ресей мен Қытайдың АҚШ сайлауына араласуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол Бейжіңнің ықпалы «өте салмақты проблема» деді.

Солай дей тұра, америка лидері Ресейден президенттік сайлаудан жеңіп шығуыма көмектес деп сұрауым мүмкін еді деп күле болжам айтты.

«Путиннің адресіне неліктен қатты сын айтпайсыз?» деген сұраққа ол ​ «Путинмен кездесуде қатаңдың көрсететінін, мәселен маусым айында Хельсинкиде болған кездесу өте қатал әрі жақсы болды» деп жауап берген.

Өткен аптада БАҚ Ресей және АҚШ президенттері келесі жылдың ақпан айында Финляндияда кездесуі мүмкін деген хабар таратқан.

Биыл тамыз айында АҚШ Ресейге қатысты Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны Англияның Солсбери​ қаласында улағаны үшін санкция енгізген. Енді қараша айында Ресейге химиялық қару қолданбау жөніндегі халықаралық келісімді бұзғаны үшін және зертханасына халықаралық сарапшыларды жібермегені үшін, санкцияның екінші кезеңін енгізбекші.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM