Жиынға келген ауыл тұрғындары. Фото: tilshi.kz
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылына жолы түскен Бердібек Сапарбаев залда бірыңғай ақ орамал тағып отырған аналарды көріп, риза болып қалғанын жасырмады деп хабарлайды «Тілші».
Облыс басшысының «Сіздер әкім келеді деп ақ орамал тағып алғансыздар ма?» деген сауалына ауыл әйелдері үнемі осылай жүретіндіктерін, маңызды жиындарда, үлкенді-кішілі басқосуларда орамал тастамайтындарын жеткізді.
Бердібек Сапарбаев оларға алғыстарын білдіре отырып, ауылдағы жастарға ақыл айтып, дұрыс жол көрсетіп, тәрбие беріп отыруларын да сұрады.
«Мен қанша ауылда болып келе жатырмын. Осы Ырғыз халқы шүкіршіл келеді екен. Облыс орталығынан шалғай жерде, құмның арасында тұру оңай емес. Жағдайларыңызды біліп отырмын. Дегенмен, осы ауданның бірнеше ауылын аралап келемін. Тұрғындар мүлдем сұрақ қоймайды», — деді әкім.
KAZAKBOL.COM