Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үш жасында тастап кеткен әкесін қарттар үйінен тапқан ақтөбелік жігіттің хикаясы елді жылатты

KAZAKBOL.COM

Қария. Көрнекі сурет: storyfox.ru

Ақтөбеде 60 жастан асқан қария жас күнінде жасаған қателігі үшін өзін жазалап, баласына бармай, қарттар үйінде тұрып жатыр. Ол балалары кішкентай кезінде оларды бақпай, үйінен кетіп қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бізде бір үлкен кісі бар. Намаз оқи алмайды, жылда ораза ұстайды. Көзі көріңкіремейді. Кезінде екі баласын 3 және 1 жастарында тастап кеткен. Содан кейін баласын іздеп бармаған, мүлде көрмеген. Сол кісіні бізге баласының өзі іздеп келді. Намаз оқитын жігіт екен. Бізбен келіп сөйлесіп, әкесін алып кеткісі келетінін айтты.

«Қалай болғанда да әкем. Оның менімен бірге тұрғанын қалаймын» деп алып кету үшін біраз жүгірді. Бірақ, әкесінің өзі бармай қалды.

«Мен саған тәрбие берген емеспін. Көмектеспедім, саған баратын бетім жоқ. Кезінде сендерден безген едім. Не болса да осы жерде боламын. Қонаққа шақырсаң ғана үйіңе барамын» деп қалды.

Оның баласының әрекетіне риза боласың. Әкесіне жиі келеді», -дейді Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернаттың әлеуметтік жұмыс жөніндегі директор орынбасары Сән Нұрышева.

Қария интернат қызметкерлеріне балаларына жасаған өз әрекеті үшін өкінетінін айтқан. Ол жыл сайын ораза ұстап, дұға жасайды.

«Ол кісінің сөзі түзу. Өзімен өзі жүреді. «Кезінде жасаған қателігіме әттең-ай деп өкінемін. Уақытты кейін қайтара алмаймын. Әйтпегенде балаларымды тастамас едім» деп қиналып бізге әңгімесін айтады», — дейді Сән Нұрышева.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта қария баласына қонаққа барып, немерелерін көріп тұрады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM