Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда дәрінің орнына шәй ішуді ұсынады

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанның денсаулық сақтау министрлігі халқына президент Гурбынгулы Бердімұхамедовтің «Түркіменстанның дәрілік шөптері» деп аталатын кітабындағы кеңестерді пайдалануды ұсынады.

Министрліктің ақпарат орталығы мемлекеттік «Бейтарап Түркіменстан» газетіне күзгі мезгілінде суық тиюдің алдын алу мақсатында «11 пайдалы кеңес» деп аталатын мақаласын жариялаған.

Онда түркімен президентінің кітабында жазылған «ғылыми негізде зерттелген» кеңестерін ұсынған. Атап айтқанда, итмұрын, жалбыз, түймедақ, мия тамырын қайнатып ішу керек дейді. Гурбангулы Бердімұхамедов президенттік міндетінен бөлек, соңғы 10 жылда 40-тан астам кітап жазған. Оның ішінде емдік шөптерге қатысты 10 томдық кітабы жарық көрген.

Осыған дейін түркімен телеарнасы президенттің жұмыс күні жайында репортаж дайындаған. Онда президент үстелі үстінде тұрған шәйнектен пиялаға шәй құйып ішіп отырады.

Енді елдің денсаулық сақтау министрлігі президент ұсынған емдік шөптерден шәй дайындап ішуге кеңес беріп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM