Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда бір ай бойы бала құқығын қорғау шаралары жүреді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Омбудсмен институты 8 ақпаннан бастап бала құқығын қорғау жөнінде бір айлық шараның басталғанын мәлімдеді.

Бұл шара 9 наурызға дейін созылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елдегі барлық үкіметтік емес ұйымдар мен белсенділерді балаға қатысты кез-келген құқық бұзу жөнінде 115 нөмір бойынша «жедел желіге» хабарласып, немесе ombudsman@inbox.ru поштасына хат жазуды сұрайды.

Аталған ұйым балалар құқығын қорғауда ата-анамен және оның туыстарымен психологиялық жұмыс жүргізуді ұсынады.

Ұйым мәліметінше, 2021 жылғы есеп бойынша, Қырғызстанда 2 млн 381 мың бала бар. Олардың 68 пайызы ауылды жерде тұрады. 17 жасқа дейінгі балалардың 11 пайызы жалғыз басты отбасында тәрбиеленіп жатыр.

Өткен аптада Қырғызстанда екі жасқа толмаған баланың өлімші етіп сабалуы қоғам наразылығын туғызған.

Білім министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы 417 бала түрлі зорлық-зомбылық көрген.

ЮНИСЕФ ақпаратынша, Қырғызстанда балалардың 73 пайызы ата-ананың бейқамдығынан зардап шексе, 83,5 пайызы мектептегі буллинг құрбаны.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM