Қырғызстандағы Отбасы дәрігерлері орталығында қосымша еңбекақы жойылып, бірақ айлығы екі есеге көбейтілгеніне қарамастан, бірқатар қызметкерлер бұрынғыдан да аз айлық алатынын мәлімдеді.
Бішкек қаласындағы №4 ауруханада істеген Бахтияр Абсаматов осыған дейін 15 мың сомнан астам айлық алып келсе, соңғы рет 10 мың сом алғанын айтады.
«Айлық түскеннен кейін ондағы соманы көріп 5% ғана қуанасың. Одан дүкенге барып, айлығыңның жартысын жаратасың. Одан әрі ештеңеге жетпейді. Сосын кімнен қарыз алсам деп ойлайсың», – дейді ол.
Қырғызстанда Отбасы дәрігерлер орталығында істейтіндердің айлығы 100% көтерілгенін президент Садыр Жапаров 9 сәуірде жария еткен. Оған сәйкес, 1 сәуірден бастап отбасы дәрігерлерінің айлығы 100% көбейтілген. Есесіне қосымша төленетін үстемақы жойылған. Үстемақы дәрігерлерге берілетін қосымша төлемдер.
Елдің денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев енді жаңа жүйе бойынша дәрігерлердің айлығы көбейеді деп есептейді.
KAZAKBOL.COM