Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда денсаулық сақтау министрі ұсталды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бас прокуратурасы президенттің денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бұйрығын бұзып, бюджет қаржысын заңсыз шығарды деген айыппен бірнеше шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.

Бақылаушы органның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресей, Қытай және Әзербайжан елдерінен 452 мың дана коронавирусқа қарсы екпені тегін алған. Кейін Қытай мен Ресей тағы да көмек ретінде 6 млн дана екпені тегін берген.

Бірақ соған қарамастан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев 460 мың дана вакцина сатып алу үшін, бюджеттен 1 млрд 581 млн 474 мың сом (20 млн доллар шамасында) бөлдірген. Бұл қаржы офшорлық зона арқылы шетелге шығарылған.

Мамыр айында денсаулық сақтау министрі Ыстықкөлде сапарда жүрген кезінде арнайы қызмет тарапынан тергелгенін хабарлаған. Осы айда Ыстықкөл облысының денсаулық сақтау саласының шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталған.

Алымкадыр Бейшеналиев 2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін денсаулық сақтау министрі қызметіне келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM