Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды

KAZAKBOL.COM

Солтүстік Корея жексенбі күні Шығыс теңізіне қарай белгісіз снаряд лақтырды деп хабарлады «Ренхап» агенттігі Оңтүстік Кореядағы Штаб басшыларының бірлескен комитетіне сілтеме жасап.

Әскери эксперттердің пікірінше, снаряд баллистикалық зымыранға ұқсайды.

«Киодо» агенттігі әскери дереккөзіне сілтеме жасап, Жапония үкіметінің мемлекеттік хатшысы Хирокадзу Мацуно зымыран 2 шақырым биіктікпен 800 шақырым қашықтыққа ұшып, Жапонияның экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, Солтүстік Корея континентаралық баллистикалық зымыран (КБЗ) ұшырмау туралы міндеттемені орындамады деп мәлімдеген.

«Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізбеу және КБЗ ұшырмау туралы келісімді орындап, диалогқа дайын екенін мәлімдеп келген. Егер олар расымен баллистикалық зымыран ұшырған болса, онда келісімді бұзды деген сөз», – деп оңтүстіккореялық БАҚ Мун Чжэ Иннің сөздеріне сілтеме жасайды.

Оңтүстік Корея президентінің сөзінше, Солтүстік Кореяның соңғы әрекеті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын бұзып, бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіріп отыр.

2018 жылы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен кезде, ядролық сынақ өткізбеу және баллистикалық зымыран ұшырмау жөнінде уәде берген.

Шетелдік БАҚ Пхеньян әскери қимылын Қытайда Олимпиада ойындары басталар алдында бастады деп жазады. Қытай – Солтүстік Кореяның жалғыз одақтасы. Ал Оңтүстік Кореяда биыл наурыз айында президент сайлауы өтуі тиіс.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM