Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда электр энергиясын үнемдеу үшін жарнамаларға тыйым салынды (видео)

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда кешкісін және таңертең сыртқы жарықтандыруға тыйым салынып жатыр. Қазір Бішкектегі кафе, мейрамхана, сауна, саябақ, дүкендерге тексеру жүргізіліп, жарықтандырылған жарнамаларды өшіруді талап етіп жатыр.

Қырғыз билігі тұрғындарды да электр энергиясын үнемдеуге шақырып жатыр. Биыл әсіресе күз-қыс мезгілінде қиын болатынын ескертуде.

Тұрғындар қыста көшелер тым қараңғы болады деп қауіптенеді. Бірақ билік қауіпсіздік үшін көшелердегі жарықтар сөндірілмейді деп уәде береді.

«Біз тек жарнамаларға қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Егер кешкісін қалада серуендесеңіз, барлық кафелер жап-жарық. Кейбірінде 500 шамға дейін жанып тұрады. Мұның бәрі не үшін қажет?», — дейді Ұлттық энергохолдинг басшысы Талайбек Байгазиев.

Қырғызстанда электр энергия бағасы соңғы алты жылдан бері өспеген. Билік әзірге тариф көтеру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Қосымша электр энергияны Өзбекстаннан, Қазақстаннан сатып алып отыр.

«Біз биылғы қыстан аман-есен өтуіміз керек. Биыл Тоқтағұл су қоймасында су деңгейі төмен болып жатқанын білесіздер. Егер су деңгейі тағы түсіп кетсе, ондай елде төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Біз халыққа алдын ала ескертіп жатырмыз. Электр жылытудан бас тартыңыздар. Көмір сатып алыңыздар», — дейді Талайбек Байгазиев.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM