Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда «Ихсан» тұрғын үй кооперативінің жетекшісі 8 қыркүйекке дейін қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

«Ихсан Групп ЛТД» коммерциялық емес тұрғын үй кооперативі директорлар кеңесінің 11 шілдеде ұсталған төрайымы Акинай Бекмұрзаева 8 қыркүйекке дейін Бішкек қаласындағы тергеу изоляторында отырады.

Қырғызстан астанасының 1-май аудандық соты 13 шілдеде осындай шешім шығарды. Сот күдіктіні ұстау заңды әрі орынды деп таныды.

Бекмұрзаеваға «сеніп тапсырылған мүлікті немесе қаражатты талан-таражға салды немесе иемденді» деген айып тағылған. Сот материалдарында күдіктінің арызданушы азаматтарға келтірген материалдық шығыны 114 млн 615 мың 793 сом екені айтылған.

Бұның алдында Қырғызстан ішкі істер министрлігі азаматтарға осы кооперативке кірмеуге кеңес берген. Өйткені «мұнда қаржы пирамидасының нышандары бар, салынған ақша қайтарылмауы мүмкін».

«Наурыздың басынан бері Қырғызстанның түрлі аймақтарынан «Ихсан Групп ЛТД» кооперативіне кірген азаматтардан арыз көптеп түсіп жатыр. Олар алынатын мүліктің жарнасын төлеген. Бірақ кооператив мүшелері баспана да, автокөлік те алмаған», — деп хабарлаған ІІМ.

Еске салайық, сәуірдің басында «Ихсан» мүшелері ұйымның Бішкектегі кеңсесінің алдына жиналып, баспанасын белгіленген мерзімде ала алмағанына наразылық білдірді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM