Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда Kaktus.media сайтына қарсы қылмыстық іс қозғалды

KAZAKBOL.COM

Бішкектің Бірінші май аудандық прокуратурасы Kaktus.media сайтына қарсы қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жанжал туралы мақалаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлайды.

Бақылаушы орган таратқан мәліметте «2022 жылдың 27 қаңтарында сайттағы мақалада Қырғызстанның әскери қызметкерлері тәжік тарапқа бірінші болып оқ атып, арандатты деген шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жарияланған. Аталған факті бойынша Бішкектің Бірінші май аудандық прокуратурасы тарабынан Қылмыстық кодекстің 407-бабы (“Соғысты насихаттау, бір өлкенің басқа өлкеге агрессиясын қолдау және жанжалды бастау мақсатында түрлі пікірлерді, идеяларды және үндеулерді әртүрлі формада жариялау”) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл істің заңдылығына баға беру үшін Бішкек қалалық прокуратурасының тергеушілері тергеу жүргізіп жатыр» деп жазылған.

Осыған дейін Kaktus.media талас туғызған мақала туралы түсініктеме берген. Онда ол мәлімет Тәжікстанның Asia Plus басылымынан көшіріп басылған мәлімет екені белгілі болған.

«Бұл басылымның жалғыз мақсаты – тәжік тараптың қандай ақпараттық саясат жүргізіп жатқанын, Тәжікстан билігі қарапайым тұрғындарға қандай ақпарат таратып жатқанын қырғыз қоғамына көрсету болды. Қазір ақпараттық соғыс жүріп жатқаны анық. Оған қарсылық көресету үшін екінші тараптың қандай іс-әрекет жасап жатқанын білу керек. Жарияланған мәліметте ақпарат көзіне сілтеме берілген. Басқа басылымнан алынған мәлімет бойынша ойымызды жеткізу алмағанымыз – біздің қателік. Осыған байланысты барлық қырғызстандықтардан кешірім сұраймыз», — деп жазылған басылым түсіндірмесінде.

Бішкекте 28 қаңтарда Kaktus.media басылымының кеңсесі алдында өздерін азаматтық белсенді, Баткен тұрғындары деп атаған адамдар наразылық акциясын өткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM