Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда коронавирустың «омикрон» штамы тіркелді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда алғаш рет коронавирустың «омикрон» штамы бір науқастан анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айгүл Жұмаканова хабарлады.

Оның айтуынша, тест тапсырған 165 науқастың екеуінен «омикрон» штамы табылды. Олар республикалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Зерттеу 4-6 қаңтарда өткізілген, бірақ оның нәтижесі алты күннен кейін ғана мәлім болды.

Жергілікті ақпарат құралдары Қырғызстанда COVID-19 эпидемиясының төртінші толқыны басталғанын жазып жатыр. Олар елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған.

«Омикрон» штамы алғаш рет Оңтүстік Африка Республикасында тіркелді. Мамандар коронавирустың бұл түрі өте тез жұғады деп есептейді.

Коронавирус эпидемиясы кезінде Қырғызстанда 186 878 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2 823 адам жұқпалы аурудан қайтыс болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM