Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевқа шабуыл жасалды

KAZAKBOL.COM

1 желтоқсанда Бішкекте «Ата Мекен» оппозициялық партиясының лидері Омурбек Текебаев шабуылға ұшырады. Оның сөзінше, оқиға түс ауа қонақ үй ресторанында болған.

— Денесі ірі бір топ адам келе қалды. Кейін қарасақ 70-тей адам болған екен. «Тыныштықты неге бұзып жүрсіздер? ОСК маңында неге митингіге шығып жүрсіңіздер?» деді. Жауап беріп үлгермедім, ұрып жіберді. «Сыртқа шық, көлікке отырығызып бір жаққа алып кетіп, сөйлесеміз» деді. Басшысы «сайлау бітті, сендер жеңілдіңдер, біз жеңдік, мойындаңдар, жастарға жол беріңдер» деді.

Кейін жұрт жинала бастаған соң шабуылдағандар қашып кеткен.

— Күш қолданғандар 2-3 адам болды. Қалғандары еріп жүрді. Осы маңда милиция жүрсе де келмегенін баса айтқым келеді. Оларды шақырған соң 10-15 минуттан кейін келді, — деді Текебаев.

Саясаткер шабуылды саяси ісімен байланыстырып, оқиғаны «саяси террор» деп атады. Facebook қолданушысы Erlan Bekchoroevich оқиғадан үзінді жариялады.

Текебаев ішкі істер бөлімшесіне арыз жазатынын, оқиға орнында болған милицияларды, куәгерлерді, зардап шеккендерден жауап алуды талап ететінін айтты.

Омурбек Текебаев – «Ата Мекен» партиясының лидері, парламентке алты рет депутат болып сайланған. 2005-2006 жылдары спикер болған. 28 қарашада өткен сайлауда партия тізімін бастап тұрған еді. Алдын ала нәтиже бойынша «Ата Мекен» партиясы 4 пайыз дауыс жинап, парламентке өтпей қалды.

«Ата Мекен» мен бірнеше партия сайлау нәтижесін мойындамайды. Олар Орталық сайлау комиссиясының алдында наразылыққа шығып, сайлау нәтижесін жоюды талап етті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM