Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда жүргізушілер наразылыққа шықты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Талас облысында 18 қазанда 30-дан астам такси және жүк көлігін жүргізушілері облыстық әкімдік жанында наразылық акциясына шықты.

Олар Талас — Тараз — Суусамыр жолының шетінде жүрген мал иелеріне олар көрінетіндей лента байлауды және түнгі уақытта жол бойындағы жарықты сөндірмеуді сұрайды.

Жүргізушілерді облыс әкімі Бакытбек Нарбеков қабылдап, мал иелеріне түсіндіру жұмысы жүргізілетінін айтты.

15 қазанда Талас ауданында жол апатынан сегіз адам қайтыс болды. Жүргізушілер апатқа жолға кенеттен шығып қалған мал себепкер болды дейді.

Қырғызстанда биыл соңғы сегіз айда 4 637 көлік апаты тіркеліп, 500-ге жуық адам қайтыс болған. Арасында балалар да бар. 7 мыңға жуық адам жарақат алған.

Ішкі істер министрлігі жол апатының 95 пайызына көбінде жүргізушілердің өздері себепкер болатынын айтады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM