Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда журналист экстремистік материалдарды таратты деген айып бойынша сотталды

KAZAKBOL.COM

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 18 сәуірде журналист Семетей Талас уулун экстремистік материалдарды таратты деген айып бойынша кінәлі деп таныды. Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Журналисті бір жыл бойы пробациялық бақылауға алып, сот залынан босату жөнінде шешім шығарған.

Журналист Семетей Талас уулу былтыр 1 қарашада қамауға алынып, кейін үйқамаққа шығарылған.

Оның қамауға алынуына Facebook парақшасына 2021 жылы Ауғанстанға қатысты материалды көшіріп жариялауы себеп болған екен. «Мен материалды жариялағаннан кейін, маған сен «хизбутшылардың» сайтынан ақпарат алдың деді. Мен бірден өшіріп тастадым. Бірақ бұл базада сақталып қалыпты», — дейді журналистің өзі.

Семетей Талас уулу – тәуелсіз журналист. Негізінен ол ұйымдасқан қылмыстық іс және жемқорлық жайында жазады. Сонымен бірге ол ойын еркін білдіретін азаматтық белсенділер мен саясаткерлердің ұсталуына қарсы пікірін ашық жариялап келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM