Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев тергеуге қатысты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Темір Сариев 27 мамырда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде Құмтөр ісі бойынша куәгер ретінде тергеуде болды. Мәліметті Азаттықтың қырғыз қызметіне саясаткердің өзі растады. Дегенмен ол тергеу туралы мәлімет бермеді.

ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев бұның алдында Құмтөр алтын кеніне қатысты төрт қылмыстық іс тергеуде жатқанын хабарлаған. Оның айтуынша, бірінші іске бұрынғы премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиевтің қатысы бар. Ол жемқорлық жасады деген күдікке іліккен.

«Мұнда сол кезде билікте болған лауазым иелері, үкімет мүшелері көп. Депутаттар да бар», — деп мәлімдеді Ташиев. Бірақ ол шенеуніктер мен депутаттардың есімдерін атамады.

Екінші іс «Құмтөр Голд Компаниге» қатысты қозғалған. Үшінші қылмыстық іс салықтар мен сақтандыру жарналарына қатысты. Бұл іс аясында салық қызметі мен әлеуметтік қор өкілдері күдікке іліккен. Төртінші қылмыстық іс «Құмтор Голд Компани» өкілдерінің үстінен қозғалған.

17 мамырда парламент «Құмтөр» компаниясының қызметін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, үкіметке «Құмтөр Голд Компаниге» сырттай уақытша басқару енгізуді тапсырды.

«Құмтөр Голд Компаниге» иелік ететін канадалық Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа шағым түсірді.

Құмтөр — Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM