Қырғызстанда туып-өсіп, кейін Ресей азаматтығын алған тағы бір қырғыз Украинадағы соғыста қаза тапты.
Ош облысы Үзген ауданына қарасты Жазы айыл өкметінің басшысы Аватбек Жолоевтың Азаттыққа 18 сәуірде хабарлауынша, Қара-Дыйкан ауылындағы туыстары марқұмды жерлеу үшін оның сүйегін күтіп отыр.
«Марқұмның сүйегін әлі жеткізген жоқ, оны қашан әкелетіні бүгін белгілі болады. Ол Ресейге баяғыда көшіп кеткен, сол елдің азаматтығын алған. Әскерге қабылданған. Ата-анасы осында тұрады. Ол Украинада қаза тапқан деседі», — дейді Жолоев.
Наурыз айында Қырғызстанның екі тумасы Украинадағы соғыста Ресей әскері сапында қаза тапқаны мәлім болды. 19 жастағы Эгемберди Дорбоев Ыстықкөл облысындағы туған ауылында жерленді. Шу облысы Қара-Балта қаласында туған 26 жастағы Рустам Зарифулин де Украинадағы соғыста қаза тапқан. Марқұмдардың сүйегін Қырғызстанға Канттағы ресейлік әуе базасы арқылы жеткізді.
KAZAKBOL.COM