Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әділет министрі: Конституцияға өзгеріс енген жағдайда Тоқаевтың күйеу баласы қызметінен кетеді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Конституциясына президенттің туыс-жақынына саяси қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу жайлы өзгеріс енбекші.

Бүгін, 18 сәуірде ел астанасындағы орталық коммуникациялар қызметінде журналистер сұрағына жауап берген әділет министрі Қанат Мусин, Конституцияға осындай өзгеріс енгізілетін болса, ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туыстарына да қолданылатынын айтты.

– Конституцияға президент туыстарының саяси қызметте жұмыс істеуіне тыйым салатын өзгеріс енгізу көзделген. Саяси қызметтер тізімі әжептеуір. Президент жарлығына сәйкес, ондай қызметке министрлер мен олардың орынбасарлары, әкімдер мен дипломаттар да кіреді, – деді Мусин.

Оның сөзінше, «заң бойынша, [президенттің] жақын туысына ата-анасы, балалары, асырап алушысы, асырап алынғаны, туған және немере бауырлары мен әпке-қарындасы, атасы, әжесі, немересі жатады». Бұған қоса, жемқорлыққа қарсы заңға сай, қайын жұрты жағынан, яғни әйелінің жақын туыстары да оның жақыны саналады.

«Бұл дегеніңіз Болгарияда елші болып қызмет етіп жүрген президент Тоқаевтың туысы жұмыстан кетеді деген сөз бе?» деген журналист сұрағына әділет министрі «мұндай тыйым енгеннен бастап барлығы заңға сай жасалады. Ол қызмет орнын босатады» деп жауап берді.

Министрдің айтуынша, заңға тиісті өзгерту енгізілгеннен кейін президент туыстарына квазимемлекеттік саладағы басшы қызметте де істеуіне тыйым салынады.

«Мәселен, президенттің бауыры, әпке-қарындасы, балаларының «Самрұқ-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияда басшы қызметте істеуіне болмайды» деді Мусин.

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшылығына келген 2019 жылы туған қарындасының жұбайы Теміртай Ізбастинді Болгариядағы елші етіп тағайындаған. Ізбастин 1994 жылдан бері дипломат қызметін атқарады.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарып, 2019 жылғы наурызда президент қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған кезде оның балалары, немере інілері жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Мысалы, үлкен қызы Дариға Назарбаева ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметте істеді, өзінің саяси партиясын да құрды. Әкесі президенттіктен кеткенде елдегі екінші жоғары лауазымды қызметке — сенат спикері болып тағайындалды. Дариғаның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиев (1962-2015 жж.) Қазақстанның салық полициясын басқарды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның Австриядағы елшісі секілді лауазымды қызметтер атқарды. Назарбаевтың әулеті елдегі бай адамдар қатарына енді. Көп адамның қазасына әкелген биылғы Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Назарбаевтың туыстары мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM