Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырымда ФСБ қызметкерінің қолынан қаза тапқан өзбек азаматының әйелі Өзбекстанға депортацияланады

KAZAKBOL.COM

Қырымда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қолынан қаза тапқан өзбек азаматы Наби Рахимовтың әйелі Сохиба Бурханова Өзбекстанға депортацияланады.

Сот Бурханованы Ресейге кіру тәртібін бұзды деп таныған. Сот залынан Бурханованы шетел азаматтарын уақытша ұстайтын мекемеге алып кеткен. Ол жақтан оны Өзбекстанға жөнелтпек.

11 мамырда Қырымның Дубки ауылында тұрғын үйлерге тінту жүргізу кезінде ФСБ әскері өзбек азаматы Наби Рахимовты атқан. Тергеу мәліметінше, ол күш құрылымдарына қарсы оқ атқан.

Рахимов әйелімен бірге Ресейге 1999 жылы көшіп барған. Өзбекстанда оған «билікті күшпен өзгертпек болды, экстремистік көзқарастағы кітаптар сақтады» деген айыптар тағылған. Рахимов Еуропалық сотқа арызданған. Еуропа соты оны Ресейден шығаруға тыйым салған. Сонымен бірге Ресей билігін Рахимовқа 17 мың еуро өтемақы төлеуді міндеттеген.

2015 жылы Рахимов отбасымен Қырымға көшіп барған. 2018 жылы Ресей оның әйелі Сохиба Бурхановаға босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Содан бері олар Ресей аумағында заңсыз тұрып жатыр деп есептелген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM