Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҚЫТАЙҒА БАРМАУҒА ШАҚЫРДЫ

KAZAKBOL.COM

Еліміздің бас санитарлық дәрігері қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тартуға шақырды. Әсіресе вирус өршіп тұрған Хубей аймағы мен Ухань қаласына жоламаған дұрыс, дейді. Соңғы деректерге сәйкес, коронавирусты жұқтырғандардың саны 200-ге жақындаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Коронавирус алғаш өткен жылдың желтоқсан айында Ухань қаласында тіркелді. Бұл күні 198 адам бұл ауруға шалдыққан. Әзірге 25-і емделіп шығып, үш адам көз жұмып отыр. Аталған дерттің Жапония және Тайландта тіркелгені жайында белгілі болды».
Қазақстаннан Қытайдың Ухань қаласына тікелей әуе рейсі жоқ екен. Сондықтан, вирустың бірден елге жетуі мүмкін емес. Алайда, көрші елдің ішінде таралуының арқасында сонда жүрген жерлестеріміз жұқтыруы әбден мүмкін.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Комитет аталған өңір мен қалаға сапар шегуден бас тартуға шақырады. Қазір сонда жүрген азаматтарға адамдар көп жиналатын ортаға бармауға, базар мен жан-жануар бар жерге жоламауға кеңес береді. Қолды жиі жуып, гигиеналық талаптарды сақтап, тұмауға ұқсас белгілері бар адамдармен қарым-қатынасқа түспеуді ескертеді».

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM