Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» көлік дәлізі арқылы жүк пойызы жүріп жатыр

KAZAKBOL.COM

9 маусымда Қытайдың Ланьчжоу станциясынан Ташкентке дейін 30 контейнер тиелген жүк пойызы жолға шықты. Оны Zhejiang Union of Railway Logistics компаниясы, «Узбекистон темир йуллари» және «Қырғыз темір жолу» бірлесіп жүзеге асырды.

Өзбекстан көлік министрлігінің мәліметінше, «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» мультимодальды көлік дәлізінде жүк тасымалын арттыру мақсатында алғашқы сынақ пойызы жолға шыққан.

«2,5 миллион доллардың күн батареялары, механикалық құрылғылар, маталар, жүк пойызына тиелген және басқа да тауарлар Ланьчжоудан Ташкентке 15 күнде жетеді» деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 мамырда Қытайдағы Сиань қаласында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысы жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңіне қатысты үшжақты құжат қабылданған.

Үш мемлекет арасында темір жол құрылысы жөніндегі әріптестік туралы келісімге 2022 жылғы 14 қыркүйекте Самарқандағы саммит аясында қол қойылған.

Өзбекстан көлік министрлігінің хабарлауынша, Самарқанд құжатындағы мақсаттар орындалған, яғни Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап, жоба құнын есептеп шығарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM