Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үйінен шығып, қайта оралмаған 10 жасар қыз Шымкент көшелерінен дін аман табылып, аман-есен ата-анасына табысталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қызының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, 10 жасар қызы түнгі сағат 22.00 шамасында ата-анасымен арадағы жанжалдан кейін белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен. Шамамен бір сағаттан кейін өздері іздеп таба алмаған соң, тез арада «102» арнасына хабарлама түсіріп, полицейлерден көмек сұрайды.

Арыз тіркелгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді іздестірудің ауқымды шаралары ұйымдастырылды. Жақын маңдағы Патрульдік полиция полкіне тапсырма беріліп, оқиға орнына жедел жеткен. Тәртіп сақшылары ата-анасынан барлық мән-жайды анықтап, сол маңайдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір сағат ішінде жоғалған қыз дін аман жақын маңдағы көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Іздеу шараларына кірісіп, жедел әрекет еткен Патрульдік полиция полкінің 865-автоэкипажының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Ментаев Бақытжан, полиция аға лейтенанты Патсабеков Ескермес және 6-рота командирінің орынбасары полиция майоры Азизов Бақытжанға қыздың анасы іздеп, тауып бергені үшін алғысын айтты.

– Екі кештің арасында қызымызбен арада түсінбеушілік орын алды. Содан бізге өкпелеп, үйден шығып кетті. Шамамен 10 минуттай күттік, қайта кірмеді. Бірден уайымдап іздеп шықтық, таба алмадық. Қазіргі кезде қоғамымызда түрлі жағдайлар орын алып жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Қатты қорықтым, бірдеңе боп қалды ма деп?! Тез арада полицияға жүгіндік. Олар бірден әрекет етіп, тез арада келіп, қызымды бір сағатқа жетер-жетпес тауып берді. Алғысым шексіз. Жұмыстарына табыс тілеймін!, – деп қыздың анасы шынайы ризашылығын жеткізді.

Табылған жасөспірім мұндай жағдайдың қайталанбайтынына сендірді, дегенмен учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция тобының қызметкерлері алдағы уақытта қыздың ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға балаларыңызға мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM