Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҮЛЕСКЕРЛЕР ҮЙГЕ КІРЕ АЛМАЙ ЖҮР

KAZAKBOL.COM

Ақшамызды бердік, үймізі қайда? Шымкентте баспана құрылысына миллиондап ақша құйған үлескерлер пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр. Жарнамасы жер жарған тұрғын үйдің құрылысы мерзімінен кешігіп жатыр. Соның салдарынан үйге телмірген үлескерлер пәтер жалдап, ай сайын қосымша ақша шығындауға мәжбүрміз дейді. Тұрғын үй кешенінің уақытылы берілмеуіне не себеп? Үлескерлерді сан саққа жүгірткендер кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Сізге айтты ғой, жаңа. Не үшін? Қандай себеп? Нұрғали деген. Кім ол Нұрғали деген? Шақырыңызшы. Осы жерге шақырыңыз. Бүкіл басшылықты осы жерге шақырыңыз».

Әлібек Әмірсейітов тоғыз айдан бері анасы үлескер ретінде ақша құйған баспанаға әлі күнге кіре алмай жүр. Үш бөлмелі пәтердің қаржысын алдын ала толық төлеп қойыпты. Екі жақты келісімге сәйкес, үйдің кілтін 2019 жылдың 30 ақпанында алу керек болған екен. Алайда, жаңа пәтерге қол жеткізе алмай жүргенін айтады.

ӘЛІБЕК ӘМІРСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Күніге келеміз, кетеміз. Пәтерлеріміздің жағдайы осы. Есігімізді де аша алмаймыз. Кілтіміз де жоқ».

«Бақыт» тұрғын үй кешені қаланың қақ ортасына салынған. Дәл жанында жаңа әкімшілік іскерлік орталығы бой көтерген. Нысанға жұрттың бірден ықыласы ауғаны содан. Құрылыс жүріп жатқанда, үлескерлер сырттай бақылап жүргендерін айтады. Алайда, барлық іс соңына жетіп, пәтерлер берілер сәтте қызықтың көкесі сонда басталды дейді үлескерлер.

ЕЛЕНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Санузелдегі кафельдер қабырғаға дұрыс жапсырылмаған. Қисық тұрғаны өз алдына, салмағын көтере алмастан ажырап тұр. Оның үстіне, есіктің жапсармасы да сын көтермейді».

Үлескерлер тұрғын үй құрылысының сапасына көңілдері толмай отыр. Жарнамасы жер жарғанымен, атына заты сай болмай шықты дейді. Кейбір пәтерлердің шаршы метрі құжатпен сәйкес келмейтін көрінеді.

ӘЛІБЕК ӘМІРСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Пәтерің 110,7 болған жағдайда біреулерде 96 шығып жатыр. Біреулерінде 94. Яғни, құрылыс әкімшілігі немесе оның басшылығы пәтердің дуалын ішінен емес, сыртқы жағынан есептеген».

Жұрт әділдікті талап етіп жатқан тұста, құрылыс басына мердігер де келіп жетті. Оның сөзінше, нысанның дер кезінде тапсырылмауына қасбеттің және ішкі әрлеу жұмыстары қымбат материалдар қоспасымен жасалғаны себеп көрінеді. Оның үстіне, сыртқы инженерлік жүйе нысанға уақытылы қосылмапты. Оған әкімдік жауапты дейді.

БАЛЖАН ҚАЛМЫРЗАЕВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ САТУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
«Жағдайлар көп туындап жатыр. Ол біздің қолымызда емес. Мен жаңа айттым ғой, сыртын ауыстырдым мысалы үшін. Есік алдын жөндеуге қанша уақыт кетті. Сол үшін 9 айға созылып кетті».

Үлескерлердің сапасыз деп тапқан құрылыс материалдарын мердігер ауыстырып бермейміз деп отыр. Қазір, пәтерлерді жаңа қожайындарға рәсімдеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Алайда, мердігердің бұл сөзіне, үлескерлер сенбей отыр. Енді олар Президент әкімшілігі мен прокуратураға шағымданбақшы.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM