Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Үлкен жетілік» Қытайды Ресейге көмектеспеуге шақырды

KAZAKBOL.COM

14 мамырда G7 Германиядағы үш күндік кездесудің қорытындысын жариялады.

Экономикасы дамыған елдер тобы — «Үлкен жетілік» Қытайды Украина егемендігін қолдауға, Ресейге көмектеспеуге шақырды. Бұған қоса, топ Мәскеудің Киевке қарсы себепсіз соғыс ашуы бүкіл әлемге қауіп төндіріп, азық-түлік және энергетика дағдарысын тудыратынын ескертті.

«Үлкен жетілік» Ресейдің одақтасы Беларусь билігін де Мәскеудің әскери қимылдарын «қолдауды» доғаруға, «халықаралық міндеттерін орындауға» шақырды.

G7 тобына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония кіреді. Топ Ресейдің Украинада басып алған астық қоймаларын азат ету керектігін мәлімдеді. Сол себепті Украина астық экспорттай алмай отыр. Мұндай жағдай азық-түлік дағдарысын тереңдетуі мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда, Украина 25 миллион тонна астықты шетелге шығара алмай отыр. Соның салдарынан Таяу Шығыс және Африка елдері нансыз қалуы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM