Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үндістанда коронавирустан қайтыс болған ондаған адамның мүрдесі Ганг өзенінде қалқып жүр

KAZAKBOL.COM

Үндістанда СOVID-19-дан 400 мың адам қайтыс болды. Биліктің мәлімдеуінше, 30 маусымда ғана 900 адам коронавирустан қайтқан. Елде 30 миллион адам вирус жұқтырған.

Үндістанда жауын-шашын маусымы басталып, жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Коронавирустан қайтыс болған адамдардың мүрделерін су шайып, олар Ганг өзенінде ағып жүр. Хабарларға қарағанда, бұл адамдар биыл көктемде коронавирустан қайтқан. Сол кезде үндістердің көбі аурудан қайтыс болған туыстарының денесін өртей алмай, кедейлер мүрделерді суға ағызған, немесе құмды жерге көмген.

Жергілікті тұрғын Раджу Чандалдың айтуынша, «Ганг өзенінің деңгейі көтерілген уақытта, оның жағалауында терең емес көрге жерленгендердің мүрделері су бетіне қалқып шығып жатыр. Мүрде қалдықтарын қарғалар мен қаңғыбас иттер жейді».

Үндістандағы Аллахабад қаласы билігінің мәлімдеуінше, маусым айында Ганг өзеніне қалқып шыққан 150 мүрде өртелген.

Үндістер дәстүр бойынша мүрдені өртеп, оның күлін суға тастайды. Мұндай ғұрып 100 доллар тұрады. Үндістандағы кедейлерде мұндай ақша жоқ. Сол себепті олар қайтыс болған туыстарын қасиетті саналатын Ганг өзенінің жағалауына жерлейді.

Үндістанда 1,3 миллиард адам тұрады. Ол коронавирустан ең қатты зардап шеккен мемлекет.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM