Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үзілген әнұран. Қазақстандықтардың әрекеті шетелдіктерді тәнті етті (видео)

KAZAKBOL.COM

Үндістанның Бангалор қаласында су спортынан Азия чемпионаты жалғасуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі olympic.kz сайтының дерегін негізге алып.

Бірінші ойында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай командасымен кездесті. Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұрандарымен басталды.

Дыбыстық жабдықтың техникалық ақаулығына байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-ші секундта кенеттен үзілді. Алайда команда ойыншылары еш саспастан, әнұранды дауыстап айта бастады. Ал көрермендер қолдау көрсетіп, қол шапалақтады. Олар қыздардың әрекетіне тәнті болды.

Қазақстандықтар ойын барысында да өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп, қарсыластарын 11-10 есебімен жеңді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM