Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҰБТ-ДАН КЕЙІН ТЕЛЕФОНЫМДЫ ҚАЙТАРМАДЫ

KAZAKBOL.COM

Бүгін еліміздің барлық өңірінде шенді-шекпенділер жұрттың басызасын тыңдап, халықты қабылдады. Ақтөбеде болған шарада бойжеткен аймаұқтың бас полицейіне жарты жылдан бері ұрланған телефонын таба алмай жүргенін айтып шағымданды. Тестілеу кезінде кіреберісте отырған комиисия мүшелерінің қолына табыстап кеткен. Ал сынақтан кейін таппай қалыпты. Бұл жайлы тәртіп сақшыларына шағымданған екен, еш нәтиже шықпапты. Ақтөбенің бас полицейі бұған не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мария Панарина 24 маусымнан бері жоғын іздеп жүр. Телефонын ұшты-күйлі таппай қалған күні-ақ, бойжеткен ішкі істер бөліміне арызданған. Алайда, құны 205 мың теңге тұратын қос телефонды тәртіп сақшылары тауып беруге асығатын емес дейді, Мария . Жарты жылдан бері жауап күтіп шаршаған ол бүгін бас полицейдің қабылдауына келіп, шағымын айтты.

МАРИЯ ПАНАРИНА , ТҰРҒЫН: «Мұғалімім конвертке салынғандардың арасынан менің телефонымды таппады. Лезде білім бөліміне бардық, ол жерде де менің ұялы телефоным болмай шықты. Мүмкін, ҰБТ өткен басқа мектептегілермен араласып кеткен шығар деп, ол жаққа да бардық. Ұшты-күйлі жоқ, сосын 25-маусым күні арыз жаздым»

Мән-жайға қаныққан Облыстық полиция департаментінің басшысы қарамағанындағыларды сұрақтың астына алды. Не себепті осы уақытқа дейін ҰБТ кезінде ғимаратта болған адамдардан түсініктеме алынғанын сұрады.

АТЫҒАЙ АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ: АУДАРМА « Қыз баланың қалтасынан ұрлап кеткен жоқ ғой, неге табылмайды? Өз қолымен тапысырып, екі сағаттан соң келгенде, ешкім тауып бере алмаған. Кімнің қолына тапсырды, күзетке жауапты кім соның бәрін анықтау керек. Сол институттың қызметкерлері қабылдап алды ма?»)

Білім басқармасындағылар сынақтың үстінде талапкерлерден кітап, не шпаргалка, гаджет тәркіленген жағдайда сол жерде комиссия мүшелері акт толтырылатынын айтады. Ал кіреберісте алып қалған заттардың сақталуына кім жауап беретіні ешбір ережеде көрсетілмеген.

ГҮЛНАЗ МЫРЗАҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Кіреберісте алып қалған заттар үшін арнайы кім жауап беретіні Ережеде көрсетілмеген. Ережеге байланысты абитуриент тыйым салынған зхатты әкеліп тұр».

Жарты жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ұялы телефонды бес күннің ішінде тауып береміз! Бас полицей алдына шағым айтып келген Мария Панаринаға осылай сөз берді. «Ұрлық» бабымен қозғалған істі қарауға криминалды полиция басқармасы да жұмылсын деп пәрмен берді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM