Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҰКҚ кез келген наразылық акциясын бақылайтын құқыққа ие болуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Қазақстан билігі әлеуметтік жанжалдарды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалай бастады, сол себепті де ұлттық қауіпсіздік комитетіне оларға араласып, «іс-шара өткізу» құқығын бергісі келеді.

Бұл пікірді BES.media телеграм-арнасы таратқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі президент жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлығы биыл 6 сәуірде «Ашық үкімет» сайтында жарияланған.

Ұсынылған өзгерісте «ұлттық қауіпсіздік органдарының дағдарысты жағдайлар, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше, әскери жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында іс-қимыл жасауға дайындығын қамтамасыз ету» мәселесі қарастырылған.

«Дағдарыс жағдайлары, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше, әскери жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында іс-қимыл жасауға дайындыққа қатысты іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу» міндетін ҰҚК-ге жүктеу көзделген.

«Қарапайым тілде айтқанда, бұдан былай кез келген жанжал, кез келген азаматтық қарсылық арнаулы қызметтің бақылауында болады. Онсыз да солай еді» деп түйіндейді телеграм-арна.

«Іргелес елдермен арадағы мемлекеттік шекарадан жаппай өту, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге талпыну; террор актілері, билікті күшпен басып алу немесе конституцияны бұза отырып, билікті күшпен ұстап тұруға, диверсия, қарулы бүлікке бағытталған әрекеттерді» анықтап, ескерту және жолын кесу функциясы 1996 жылдан бастап ҰҚК өкілетіне кіреді.

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты заң жобаларын Қазақстан билігі 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін белсенді ұсына бастаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM