Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ұлттық банк Назарбаевтың бейнесі бар 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген номиналы 20 мың теңгелік жаңа банкнот айналымға шықты.

Ұлттық банк мұны «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған» шара деп сипаттағанымен, ақпарат елдегі өзге мемлекеттік мереке – тұңғыш президент күні жарияланып отыр.

20 мың теңге – Қазақстан ұлттық валютасының номиналы ең үлкен банкноты. Құны – шамамен 46 АҚШ доллары. Қазір жаппай айналымда жүрген басқа номиналды теңгелерде адам портреті жоқ.

Банкноттың бет жағында 2019 жылы қызметінен кеткен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың голографиялық бейнесімен қоса, Нұр-Сұлтандағы «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті бейнеленген.

Теңгенің сыртқы бетінде Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және президент резиденциясы – Ақорданың панорамалық көрінісі, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы белгісі бар.

Банкноттың екі бетінде де «жиырма мың теңге» деген жазу қазақ тілінде латын қаріптерімен жазылған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, жаңа банкнотты «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банктерінде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға» болады.

Бұл Назарбаевтың бейнесі бар алғашқы банкнот емес. Ұлттық банк экс-президенттің суреті салынған 10 мың теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылғанын және ол Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналғанын еске салады.

Мерейтойлық банкноттың қандай көлемде шығатыны нақтыланбаған.

  • Қазақстанды 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет көрсетіп, бейнесін салған, есімін берген нысандар көп. Елдің бірнеше қаласында Назарбаев ескерткіші бар. Ол президенттіктен кеткен күннің ертесінде атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерілген астанада 2020 жылғы шілдеде Назарбаевтың жаңа ескерткіші ашылды. Бұған қоса астанадағы әуежай, ірі қалалардың орталық көшелері, екі университет пен мектептер желісі Назарбаевтың атымен аталады. Бұған қоса, Қазақстанның бірнеше қаласында экс-президент атындағы саябақ, спорт кешені және музейлер бар. 6 шілдеде атап өтілетін Астана күні экс-президенттің туған күнімен сәйкес келеді. Бұған қоса 1 желтоқсан Қазақстанның тұңғыш президентінің күні деп аталып, мереке ретінде тойланады. Кей саясаттанушылар елде Назарбаевтың жеке басына табыну белең алған деп санайды.
  • Биыл шілдеде 81-ге келген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Совет одағынан тәуелсіздік алмай тұрып билікке келген. 2019 жылғы наурызда президенттіктен кеткелі бері ол конституциялық орган – қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Президент негізгі мемлекеттік лауазымдарға адам тағайындағанда қауіпсіздік кеңесі төрағасымен кеңесуі керек. Экс-президенттің «елбасы» және «ұлт көшбасшысы» деген титулдары бар, бұл титулдар оны кез келген қудалаудан қорғайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM