Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ұлыбритания Әлішер Усмановтың туыстарына санкция салды

KAZAKBOL.COM

Ұлыбритания Ресей әділет министрі мен олигарх Әлішер Усмановтың немере ағайындарына санкция салды.

Бұған қоса, Ресей үкіметіне қарасты Sputnik International ақпарат агенттігінің бас редакторы Антон Анисимов пен ресейлік RT және «Звезда» телеарналарымен байланысы бар британ видеоблогері Грэм Филлипске де санкция жарияланды.

Тізімдегілердің активтері Ұлыбританияда бұғатталады.

Әлішер Усманов ЕО санкция тізіміне Ресей Украинаға басып кірген уақытта енгізілген. Бұл тізімде президент Владимир Путинге жақындығы бар басқа да ресейлік олигархтар бар.

Миллиардерге Еуроодаққа кіруге тыйым салынған, ал оның ЕО-дағы активтері бұғатталған.

Наурыз айында француз билігі Әлішер Усмановқа тиесілі делінген екі тікұшақты бұғаттады. Германия үкіметі Гамбург портында тұрған 600 млн долларлық «Dilbar» яхтасына күзет қойды. Италиядағы ақпарат құралдары Сардинияда Усмановқа тиесілі вилла құлыпталғанын жазды.

Ұлыбритания СІМ мәліметінше, Әлішер Усманов активтерінің бір бөлігін қарындасы Гүлбахор Исмаилованың атына жаздырған. Содан кейін Исмаилованың да активтері Ұлыбританияда бұғатталды.

8 сәуірде Еуроодақ кеңесі Әлішер Усмановтың тағы бір қарындасы Саодат Нарзиеваны да сакция тізіміне қосты. Мәліметтерге қарағанда, Нарзиева Швейцарияда кем дегенде 27 банк есебін аштырған. Мұнда 2 миллиард доллардан астам қаражат жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM