Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлішер Усманов екі қарындасының көмегімен Швейцариядағы банк есептерін мен Италиядағы виллаларын басқарады

KAZAKBOL.COM

Ресейлік олигарх Әлішер Усманов туыстарының көмегімен Италиядағы бес вилласын, Швейцариядағы 27 банк есебін басқарады.

Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық (OCCRP) The Guardian ағылшын басылымымен бірге USM холдингінің негізін қалаушы Әлішер Усманов туралы зерттеуін жариялады.

Зерттеу авторлары анықтағандай, олигарх туыстарының көмегімен Италияның Сардиния аралындағы Коста-Смеральда жағалауында орналасқан бес виллаға иелік етеді.

Виллалардың ең үлкені Усмановтың қарындасы Гүлбахор Исмаилованың атына жазылған. Усмановтың Бермуд аралдарында тіркелген Pauillac Property Ltd. компаниясы да Исмаилованың атында.

Гүлбахордың Италиядағы осы аралда тағы екі вилласы бар. Қалған виллалар италиялық Delemar SRL және Punta Capaccia компанияларына қарайды, бірақ олар Pauillac Property құрамына кіреді.

Усмановтың тағы бір қарындасы Саодат Нүрзиеваның атынан Швейцарияда 27 банк есебі ашылған. Олардың көбісінің USM Holdings’пен байланысы бар, деп есептейді зерттеушілер. 2011 жылғы сәуірде банк есептерінің бірінде 2,1 миллиардтан астам доллар жатқан. Швейцарияда Гүлбахор Исмаилованың да банк есептері бар.

2012 жылы Усманов Нүрзиеваға «сыйлық» ретінде үш миллион доллар жолдаған. Бес айдан соң ол ағасына 100 мың доллар аударған. 2,5 миллионнан астам долларды Нүрзиева Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құрыш құятын компания директоры Шохрух Насирхожаевқа жолдаған, деп жазлы OCCRP.

2017 жылы Усманов үш айдың ішінде өз-өзіне 190 миллион долларды бөліп-бөліп аударған. Қаржы аудару операциялары олигарх бақылауындағы офшордағы ұйымдардың көмегімен жүзеге асқан.

Бұның алдында Еуроодақ Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты бірқатар ресейлік олигархқа қарсы санкция енгізді. «Қара тізімде» Николай Токарев, Әлішер Усманов, Игорь Сечин («Роснефть»), Геннадий Тимченко (Volga Group) бар.​

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM