Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлия Назарбаевамен байланысты компания утилизация алымын жинау құқығынан айырылды

KAZAKBOL.COM

«Оператор РОП» компаниясы утилизация алымын жинау құқығынан айырылды. Бұл жөнінде 19 қаңтарда үкімет сайты хабарлады.

«Оператор РОП» компаниясының «утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді» делінген хабарламада.

Компанияның міндетін енді мемлекеттік «Жасыл даму» АҚ атқарады.

11 қаңтарда Қазақстанның қазіргі президенті утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған. Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

Елде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықпалы артты деген болжам күшейген тұста экс-президенттің жақындары бірінен соң бірі қызметтерінен айырылып, елден кеткені жайлы ақпараттар жиі шығып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM