Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әскери-патриоттық тәрбие маңызды жұмыс

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Азаматтық альянс ресурстар орталығының базасында жоспардан тыс Қарулы Күштер ардагерлерінің, Чернобыль, Семей сынақ және әскери ұрыс-қимылдары ардагерлерінің, Шымкент қаласының білім басқармасы, «Жас сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағаларының қатысуын ұйымдастырумен «Әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. 

 

Жасөспірімдерді патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен баулу жүйесінің нақты және басты бағыттарын қалыптастыру, рухани адамгершілік қасиеттерін сіңіру мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында, қоғамдық бірлестіктер төрағалары өздерінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Отырысты кіріспе сөзбен бастаған Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров, уақыт тынысын дөп басып, заман талабына бейімделе білген жасөспірім ешқашан ұтылмайды және кез-келген сынаққа дайын болатын айтып өтті.

— Бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін күреседі. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, болашақ үмітімізді ақтайды деп сенеміз. Сондықтан, жастар көп білім алып, өздерін рухани жағынан байытып, нағыз азамат ретінде қалыптасу керек, — деп өз ойын түйіндеді подполковник Ринат Мадьяров.

Бас қосқан бірлестіктер төрағалары әскери-патриоттық тәрбиеге нақты бастамаға бірлескен жоба дайындау,  әскери-патриоттық орталық пен әскери-лагерь базасын құру, патриоттық бағытта акциялар ұйымдастыру, робот техникаларды және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту сынды жоспар құрып, бірлесе жүзеге асыру туралы келісім жасалды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM