Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жауынгерлік және оқу атуларын орындады

KAZAKBOL.COM

Маңғыстау облысы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» полигонында әуе шабулына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерлік жиыны аяқталды.

 

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондары әуе шаблулына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен 50-ге жуық әскери техникасы іс-жүзінде жауынгерлік мақсаттағы мәселелерді пысықтады.

Әскери қызметшілер ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан және тасымалданатын зениттік-зымыран кешенінен жауынгерлік және оқу-жаттығу атыстарын, зениттік-артиллериялық взводтар атыстарын және зениттік дивизионның тактикалық жаттығуларын орындады, сондай-ақ жауынгерлік үйлестірудің соңғы кезеңін пысықтады.

Жиын барысында дайындығы жақсы бөлімшелерді анықтау үшін арнайы сайыс ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер зениттік артиллерияның атыс курсы бойынша теориялық ережелерінен біліктіліктерін көрсетіп, тактикалық және арнайы даярлық бойынша көрсеткішьтетін орындады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы подполковник Руслан Нұрахметовтың айтуынша, Атырау қаласы әскери бөлімінің зенитшілері үздік нәтижеге қол жеткізген.

Өткізілген жауынгерлік атыстар мен тактикалық оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша зениттік бөлімшелердің командирлері оларды жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде, жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу кезінде әскерлерді басқаруда жаңа практикалық тәжірибе алды. Зениттік дивизиондардың тактикалық жаттығулары жақсы дайындалған бөлімшелерді анықтауға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери қызметшілерін даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін жұмыс жоспарын анықтауға мүмкіндік берді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасының баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM