Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек қаржы полициясы: Ташкент басшысы кәсіпкерлікпен тікелей айналыспайды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі Азаттық радиосы Өзбек қызметінің «президент Шавкат Мирзияевтің ашық саясат туралы жарлығындағы талаптарды» орындамайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар туралы сауалына жауап берді.

Агенттік директоры Акмал Бұрханов 19 наурызда «көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар президенттің ашық саясат туралы жарлығындағы талаптарды орындамайды» деп мәлімдеген.

Агенттік басшысының есебінше, 135 мемлекеттік орган мен ұйымның 80-і тиісті ресурстарда мәліметтерді жарияламаған. 88 мемлекеттік орган мен ұйым шетел қонақтарын күтіп алуға, қызметкерлерін іс-сапарға жіберуге кеткен шығындар туралы мәліметті уақытында көрсетпеген.

Тексеру барысында құрылыс министрі Батыр Закиров пен Ташкент басшысы Жахонгир Артикхожаев кәсіпкерлікпен тікелей айналыспайтындығы, олар атқарушы органдардағы кәсіпкерлік құрылымдарды басқармайтындығы анықталған.

Қаржы полициясы құрылыс саласындағы кейбір мемлекеттік тапсырыстарды құрылыс министрі Закировтің жақын туыстарына тиесілі бизнес-құрылымдары алғанын, мүдделер қайшылығы болғанын анықтаған. Алайда бұл істерді қараған уақытта заңнамаларда мүдделер қайшылығы үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік қарастыратын ереже болмаған.

Мүдделер қайшылығы үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу жұмыстары енді ғана қолға алынғаны хабарланды. Жобалар жақында көпшілікке таныстырылады.

2022 жылғы қаңтарда «Мүдделер қайшылығын реттеу туралы» заң жобасы дайындалып, үкіметке ұсынылған. Құжат жобасы жақында парламент қарауына түсуі тиіс.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM