Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек мигранттары Ресейге өз жолдарымен жетіп жатыр

KAZAKBOL.COM

«Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, егер 2021 жылдың алғашқы алты айында Ресейге 22 116 өзбек мигранты барса, 2022 жылы бұл көрсеткіш алты есеге қысқарған.

Алайда Ресейдің Миграция қызметіндегі ресми мәлімет бойынша, биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында 6,6 млн шетелдік тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3,9 млн-ға көп.

Ресейдің Ұлттық құрылыс саясаты оратылығының басшысы Александр Моор елде жұмыс күшіне тапшылық жоқ дейді.

Ресей үкіметі сәуір айынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Сарапшылар осыдан кейін мигранттар өз жолымен Ресейге көптеп келіп жатыр дейді.

Ал Өзбекстан мен Ресей арасындағы мигранттарды ұйымдасқан түрде жөнелту жөніндегі 2017 жылғы келісім сол күйі орындалмай қалған.

«Келісімдегі идеялар әрине жақсы. Бірақ ол сол күйі жұмыс істемей қалды. Себебі, коррупция», — дейді сарапшылардың бірі.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Ресейде 1,5 млн өзбек мигранты жұмыс істейді. Ал жалпы шетелде 2,4 млн өзбек мигранты бар.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде, Ресейде жүрген өзбек мигранттарының 59 проценті еліне оралғысы келмейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM