Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Өзбек прокуратурасы үнді инвесторының Ташкент басшысын айыптаған мәлімдемесін тексереді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Бас прокуратурасы Minerva World of Knowledge компаниясының құрылтайшысы Мурари Лал Джаланның мәлімдемесіне байланысты тексеру жүргізе бастады. Бұл туралы Gazeta.uz Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Minerva World of Knowledge компаниясының құрылтайшысы, үнді кәсіпкері Мурари Лал Джалан Kun.uz басылымына берген сұқбатында Ташкент басшысы Жахонгир Артықхожаевты бопсалады деп айыптады.

Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, 29 қарашада Бас прокуратура Ташкент басшысынан «жағдайды тексеріп, кінәлілерге шара қолдануын» сұрағаны жөнінде хат алған. Соған байланысты құзырлы орған инвестор мәлімдемесін тексеруге кіріскен.

Kun.uz мәліметінше, 2018 жылғы 28 қыркүйекте инвестор жобаларын жүзеге асыратын MJ Developers компаниясы Өзбекстан үкіметімен 100 млн доллардың (бұның алдында $500 млн деп хабарланған) келісіміне отырып, төрт ірі жобасына инвестиция сала бастаған.

Мурари Лал Джалан Ташкенттегі «Бахт» көліндегі Lake сity кешені мен Minerva city кешеніне 34 млн доллар салғанын айтты.

«Бірнеше ай өтті, бірақ біз содан бері Minerva city мен Lake city жобаларының толық бас жоспарын әлі алған жоқпыз. Мен Ташкент қаласының басшысымен кездестіруді сұрадым, бірақ ұсынысым қабылданбады. Содан кейін құрылысшылардың жұмысына прокуратура, экология, өрт қауіпсіздігі сынды мемлекеттік органдардың қызметкерлері араласа бастады», — дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, «қала билігінің кеңесімен» құрылыс компаниялары үнді инвесторының компанияларымен келісім-шартқа отырудан бас тартып жатыр.

2021 жылғы наурызда Жахонгир Артықхожаев оны әкімдікке шақырып, сол жерде бопсалады, дейді инвестор.

«Маған екі жол ұсынды: не жобалардың бірін, мәселен Бектемір ауданындағы Lake city кешенін салудан ресми түрде бас тартуым керек, не банкке депозит ретінде 100 млн доллар аударуым керек. Келісім-шарттан тыс ешкім жаңа талап қоя алмайтынын, кәсіпкер ретінде маған бәз біреудің қажеттілігі үшін жеті жыл бойы жаратылатын ақшаны алдын ала аудару қиын екенін түсіндірдім», — деген үнді инвесторы.

Кәсіпкердің мәлімдеуінше, Ташкент басшысы «талаптардың бірі өз еркімен орындалмаса, Minerva сity және басқа да жобаларды тартып алам, сосын Өзбекстанда жұмыс істеу қиынға соғады» деп қорқытқан-мыс.

«Келісім-шартқа қол қойған кезде ол ереже мен міндеттердің бәрі орындалады деп уәде берген, бірақ қазір әкім бұл елде келісім-шарттың ешқандай құны жоқ дегенді айтып отыр», — деп мәлімдеді инвестор.

Көп кешікпей Ташкент әкімшілігінің баспасөз қызметі үнді кәсіпкерінің осы сұқбатына қатысты мәлімдеме таратты. «Minerva компаниясының өкілі Мурари Лал Ждаланның Kun.uz редакция дайындап, таратқан сұқбатындағы Ташкент әкіміне қатысты айтқандарына құқықтық бағасы шықпайынша, біз оны мемлекет қызметкерінің атына кір келтіру деп есептейміз».

«Мурари Лал Джалан мәлімдемелерінің өтірік-расын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін Өзбекстан Бас прокуратурасына шағым жолданады», — деп жазылған Ташкент қаласы баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM