Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Өзбеккосмос» британдық OneWeb компаниясымен жұмыс істейді

KAZAKBOL.COM

«Өзбеккосмос» агенттігі төменгі орбиталы спутник байланыс қызметтерін көрсететін британдық OneWeb компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, тараптар Өзбекстанның шалғай жатқан аймақтарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген.

Меморандум аясында «мемлекеттің OneWeb’тің барлық мүмкіндігін пайдалануды» талқылаған.

«Өзбеккосмос» пен OneWeb компаниясы «OneWeb’тің сигналды аз уақыт ішінде жоғары жылдамдықта өткізуде ең төменгі орбиталды телекоммуникациялық спутник системаларын қолдану бойынша» сараптамалық орталық құруға келіскен.

Осыған дейін Өзбекстанның ақпарат технологияларын дамыту министрлігі және «Өзбеккосмос» агенттігі SpaceX компаниясының өкілдерімен елге Starlink жобасын тарту және Өзбекстанда өкілдігін ашу мүмкіндігін талқылағанын хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM