Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанға көрші елдерден оралған студенттерді жоғары оқу орындары қабылдамай жатыр

KAZAKBOL.COM

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жоғары оқу орындарынан биліктің шақыртуымен елге оралған жүздеген өзбек студентін отандық білім мекемелері қабылдамай қойды.

Студенттердің бірқатары президент Шавкат Мирзияевқа үндеу арнап, мәселенің шешілуіне көмектесуін сұрады.

Нодир есімді студент Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқыған. Ол биыл оқуды Карши мемлекеттік университетінде жалғастырғысы келеді.

Ол президент Шавкат Мирзияевтің сөзіне сеніп, Қазақстаннан елге оралған.

– Президент сөзіне сеніп қалып, Қазақстандағы жоғары оқу орнынан шықтым. Үйге келгенде бюрократияға тап болдым. Олар менен құжаттар сұратты. Мен оларды 15 қарашаға дейін тапсыруым керек. Бірақ ол құжаттарды жоғары оқу орны өзі сұратуы тиіс. Көрші елдегі жоғары оқу орны құжаттарды студенттерге бермейді. Біз президент Шавкат Мирзияевқа хат жаздық, бірақ мәселе шешілмей жатыр, – дейді студент.

«Қашқадария» Telegram-тобының хабарлауынша, үш жүзге жуық өзбек студенті Карши мемлекеттік университетіне ауыса алмай жүр.

Өзбекстанның басқа да облыстарында осыған ұқсас жағдай қалыптасқан. Көрші елдердегі оқуын тастап, елге оралған студенттер Үргеніш мемлекеттік университетіне әлі қабылданбаған.

– Билік уәде бермесе, біз елдегі оқу орындарына ауыспас едік. Енді біздің мәселемізді Жоғары білім министрлігі шешіп беруі тиіс, , – дейді Маусуда есімді студент қыз.

Еске салайық, 2020 жылы Өзбекстан үкіметі шетелде оқитын студенттерді елге ауыстыру науқанын бастап, оларға жеңілдік берілетінін хабарлады.

Өзбекстан үкіметінің мәліметінше, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жоғары оқу орындарында 35 мыңнан астам өзбек студенті оқиды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM